Тектұрмас күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Орта ғасырдың басындағы көне қаланың орнында – Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қызыларық ауылының маңындағы Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар (күмбез) 14 ғасырда салынған. Тектұрмас күмбезі түгелдей қираған, тек 19 ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосурет бойынша ғана белгілі.
Дауытбек кесенесі — сәулет өнері ескерткіші. XIII ғасырдағы құрылыстың бір түрін құрайтын Шамансұр күмбезі Ескі Тараз рабатында, Қарахан күмбезінің шығыс жағына орналасқан.
ҚАЛИ ЖҮНІС МОНШАСЫ – Тараз қ-нда 19 ғ-дың басында қазіргі Байзақ батыр және Қазыбек би көшелерінің қиылысында салынған. Архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады. Қаланың көне тарихи орталығында тұрғын үйлердің қоршауында орналасқан монша бір қабатты, төбесінде үлкен әрі көлемді күмбездері бар. Беталды кіре беріс жағы Байзақ батыр көшесіне бағытталған. Күйген кірпіштен ортаазиялық ескі дәстүрлі әдіс қолданылып, тік қабырғалары жабық келіп, төбесіне күмбездер орналастырылған. 1986 ж. қалпына келтірілген монша бұрын ғыл. әдебиетте жазылып көрсетілмей келген. Моншаның бетәлпет жағы кірпіштермен өрнектеліп, қуыс аралықтары жылтыр етіп сыланған.